«Е.Серкебаев ат. №3 балалар музыка мектебінің» МКҚК 2022-2023 оқу жылында Қазақ ұлт-аспаптар бөліміне қабылданатын талапкерлерге қойылатын талаптар

 «Е.Серкебаев ат. №3 балалар музыка мектебінің» МКҚК 2022-2023 оқу жылында Қазақ ұлт-аспаптар бөліміне қабылданатын талапкерлерге қойылатын талаптар

 

Талапкердің  оқуға түсу кезеңінде емтиханда барысында музыкалық қабілеттерін тексеру: есту,есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері.

 

Әр талапкерге қойылатын шарт:

-         үйде кез-келген  әнді дайындап комиссия алдында  сүйемелдеусіз айту

-         ұстаздың  аспапта ойнаған әуенін дауыспен қайталау

-         ұстаздың көрсеткен ырғақ суретін қайталау

 

Талапкерді мектепке қабылдауда, тыңдау кезеңін комиссия бағалайды:

-         орындалатын әнде дыбыс тазалығының болуы;

-         музыка қабілеттері: ұсынылған әуенді  дауыспен дәл қайталау

-         ырғақ сезімі: ұстазбен ұсынылған ырғақтық суретті дәл қайталау

-         музыкалық жады: ұсынылған әуенді алғашқы орындаудан кейін және  берілген ырғақ суретті дәл қайталау

 

Музыкалық дайындықпен келген талапкерлер,  музыка мектебінің талабына сәйкес бағдарлама орындауы қажет.

Домбыра мамандығына қойылатын талаптар:

-         орташа екпінде бір күй

-         шеберлікті  көрсететін бір күй

 

Қобыз,қыл-қобыз мамандығына қойылатын талаптар:

-         батыс-еуропалық бір шығарма

-         бір халық күйі

 

Дәстүрлі ән мамандығына қойылатын талаптар:

-         қазақ халық әндерін орындау

дауыс диапазонын көрсете алатын, кең тынысты ән орындалуы шарт

 

Оқуға түсу емтиханын бағалау жүйесі

Қабылдау комиссиясы талапкерлердің орындаған тапсырмаларын  қойылған критериялар бойынша бағалайды. Бағалау он балдық жүйе бойынша  жүргүзіледі:

 2,  3-, 3, 3+, 4-, 4, 4+, 5-, 5, 5+.

         Қабылдау комиссиясы  қорытындылау кезінде орташа балл сомасы бойынша барлық бағалауды шығарады, орындалған тапсырмаларды критерия өлшемдеріне сәйкес бағалайды.

 

 

Баға

Бағалау критериясы

Балл

5+

Тапсырма «керемет» орындалды

5,5

5

Тапсырма «өте жақсы» ,сенімді орындалды

5,0

5-

Тапсырма «өте жақсы», аздаған қателігі бар

4,47

4+

Тапсырма техникалық және көркем жағынан  «жақсы»,орындалды

4,45

4

Тапсырма «жақсы» орындалды, бірақ көркемдік және техникалық қателіктері бар             

4,0

4-

Тапсырма «жақсы» орындалды, бірақ сенімділігі жеткіліксіз

3,75

3+

Тапсырма «қанағаттанарлық», бірақ қателіктермен орындалды

3,5

3

Тапсырма «қанағаттанарлық», елеулі қателіктермен орындалды

3,0

3-

Тапсырма «қанағаттанарлық»,  бірақ көптеген қателіктермен орындалды

2,75

2

Тапсырма орындай алмады

2,0

 

Кейбір жағдайларда ата-аналармен сұхбат кезінде, өтініште көрсетілген мамандықтан басқа мамандыққа ауысуына ұсыныс білдіріледі.

 

         Емтихан аяқталған соң қабылдау комиссиясы жиналыс өткізіп,  музыка мектебіне оқуға түскен оқушылардың тізімін ұсынады.

 

 Басқа музыка мектебінен  ауысып келген окушыға  оқуға түсу үшін қойылатын шарттар.

 

         Қабылдау емтиханына алдын-ала жазылып және құжаттар әкелуі қажет: академиялық анықтама (академическая справка) және оқушының  жеке жоспары.

 

Емтихан кезінде оқушы, музыка мектебінің бағдарламасына сәйкес шығармалар орындауы тиіс. /2 –шығарма/

 

Басқа музыка мектебінен ауысып келген оқушы, сыныбына сәйкес бос орын болған жағдайда ғана қабылданады.

Музыка - источник радости мудрых людей, она способна вызывать в народе хорошие мысли, она глубоко проникает в его сознание и легко изменяет нравы и обычаи.

Сюньцзы