«Наурыз - Думан» қалалық отбасылық онлайн байқауы

Қосымша білім беру ұйымдарының арасындағы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» - бағдарламасы аясында өткізлетін «Наурыз - Думан» қалалық отбасылық онлайн байқауының

НҰСҚАУЫ

  

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасының № 3 БММ.

Өтетін күні: 15 наурыз 2021 жыл.

Қатысушылар: қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларының отбасылық ұжымдары (отбасылық жұптар, үштік, ансамбльдер)

 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: бірлескен отбасылық шығармашылық дәстүрлерін қалпына келтіру арқылы әлеуметтік және шығармашылық белсенділікті арттыру.

Тапсырмалар:

• отбасылық бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін әзірлеу және тарату;

• отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау;

• отбасылық келісімге, бірлескен шығармашылық қызметке ықпал ету;

• отбасылық сайыстар арқылы іс-шараға қатысушылардың командалық жұмыс дағдыларын дамыту және отбасы ішілік байланыстарын нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

• шығармашылық ынтымақтастық арқылы отбасының бірлігі мен отбасыішілік қатынастарды үйлестіруге ықпал ету.

 

Өткізу шарттары:

 

1) Байқау екі аталым бойынша онлайн форматта өтеді:

вокалды орындау және аспаптық орындау.

2) Қатысушылар бір әнді немесе шығарманы ұсынады.

3) Вокалды немесе аспаптық орындауға рұқсат етіледі.

4) Орындауға тек «минус» фонограммаға ғана рұқсат етіледі, «плюс» фонограммаға жол берілмейді, өз сүйемелдеуімен орындауға рұқсат етіледі.

5) Бағдарламаға өзі шығарған туындылары кіруі мүмкін.

 

Бейнероликтерге қойылатын талаптар:

1. Бейне жазбалар жоғары сапада жазылуы керек.

2. Орындалатын шығарма бір уақытта жазылуы керек (үзіліссіз және дәнекерлеусіз)

3. You Tube каналына орналастырылған бейне сілтемелер қабылданады

4. Дауыс анық естілуі керек, аспапта орындау көрінуі керек.

5. Түсірілім жақсы фонға, концерттік костюмде түсірілуі керек.

6. Үй жағдайында түсірілген бейнелерге де рұқсат етіледі.

 

Бағалау критерийлері:

- орындалу сапасы;

- эмоционалдылық, орындау мәнері;

- сахна мәдениеті;

- репертуарды таңдау сапасы;

- шығарманы орындауға шығармашылық көзқарас;

 

Қазылар алқасының құрамы

 

- Қазылар алқасының құрамына ҚазҰӨУ профессорлары мен оқытушылары кіреді

- Қазылар алқасы 10 балдық жүйемен бағалайды, ұпайлары жинақталады.

- Байқаудың қорытынды шешімі хаттамаға енгізіліп, қазылар алқасының, ұйымдастыру комитетінің қолымен бекітіледі және талқылауға жатпайды.

 

Өтінімдер, бейне материалдар және төлем туралы түбіртек 2021 жылдың 12 наурызына дейін (қоса алғанда) Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электрондық мекен-жайына келесі нысанда қабылданады:

 

Мектеп № Аталымдар (вокалдық немесе аспаптық орындау) Қатысушының ТАӘ Өнер көрсету бағдарламасы, авторы Жетекшісінің ТАӘ, телефон Бар болса концертмейстердің ТАӘ, телефон

 

 

Байқаудың нәтижелері мектептің http://astana-dmsh3.kz/ сайтында 15 наурызда 2021 жыл (18.00-ден кейін) орналастырылады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 107-1207 қаулысына сәйкес қатысу жарнасы 3000 теңгені құрайды

 

«№3 балалар музыка мектебі» МКҚК

БСН 990340005560

ИИК KZ146010111000008231

БИК HSBKKZKX

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан, көш. Бейсекбаева, 3/1

КБЕ 16КНП 119

 

Kaspi.kz қосымшасы арқылы да төлем жасауға болады.

Анықтамалар үшін тел. - 87022104273 - Қымбат Қуанышқыз

Музыка - источник радости мудрых людей, она способна вызывать в народе хорошие мысли, она глубоко проникает в его сознание и легко изменяет нравы и обычаи.

Сюньцзы