I ашық ««Gold accordion» Республикалық Эстрадалық байқауының нұсқаулығы

 

I ашық ««Gold accordion» Республикалық

Эстрадалық байқауының нұсқаулығы

Күні: 4 мамыр 2016ж.

Уақыты: 10.00сағ.

Өтетін орны: № 3 БММ, Концерт залы

 

 

I. Жалпы ережелер

1.Ұйымдастырушы:

·      Астана қ. Білім басқармасы

·      № 3 Балалар музыка мектебі

 

         2. Мақсаты мен негізгі міндеттері:

·      Музыкалық және әртістік талантты жастарды айқындау;

·      Жастардың жеке шығармашылығын ашу;

·      Тұлғаның шығармашылық дамуын ынталандыру және қолдау;

·      Кәсіби орындаушылық шеберлікті жетілдіру;

·      педагогика және орындаушылық сұрақтар бойынша тәжірибе алмасу.

 

 

II.   Байқау шарттары

   «Gold accordion» байқауы орындаушылар үшін акустикалық  (немесе электрондық баянмен немесе аккордеонмен) өткізіледі.  Байқау 3 ерекшелік топ бойынша өткізіледі:       

·      кіші жастағылар    – 12 жасқа дейін (қоса);

·      орта жастағылар  13-15 жас (қоса);

·      жасөспірімдер    16 жас және одан жоғары.

 

       Байқау бағдарламасы авторлық немесе ғаламтордан алынған минус фонограммалары (USB Flash  - wave форматы немесе mp3- , stereo, 16 bit, 44.100 кНz, - жақсы сападағы тасымалдығышта).

       Байқау бір кезеңде өткізіледі, жас ерекшеліктері бойынша барлық топтардың қатысушылары 2 (екі) түрлі жанр бойынша шығармалырды /поп, рок, джаз, классика, фольк, заманауи өңдеудегі және т.б./ Бағдарламаның орындалу уақыты  кіші топта- 6 минут, орта топта- 8 минут, ересек топта-10 минуттан аспауы керек. Байқау көпшілік алдында концерт ретінде өткізіледі.

 

 

III. Қазылар алқасының жұмысы және марапаттау:

     Қазылар алқасы  қатысушыларды бір орындаушы немесе топ орындаушылар өнер көрсетіп болғаннан соң ашық түрде дауыс беру арқылы бағалайды.

       Қатысушылар жинаған ұпайларына байланысты  лауреат, дипломант атақтарына ие болады және  диплом мен мадақтамалар тапсырылады. I сыйлық  лауреаттары иегерлері арасында қорытынды концертте қосымша тыңдалым өткізіледі: ең көп ұпай жинаған қатысушы арнайы жүлде тапсырумен  Гран-при атағына ие болады. Гран при мен I орындар бөлінбейді. Егер II, III орын иегерлерінің баллдары бірдей болса, олардың арасында орындар бөлісу мүмкін. Байқауға қатысушылардың оқытушыларына да Алғыс хаттар тапсырылады.Қазылар алқасы мүшелерінің  арнайы жүлде /демеушілік, ынталандыру жүлделерін/  сыйлықтар тағайындау құқылы.  Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті.

 

 

 

IV. Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар.

Құжаттар 2016 жылдың 20 сәүірінен кешіктірілмей электронды түрде Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды почтасына қабылданады.

1.     Өтінім (үлгі бойынша)

2.     Туу туралы күәлік (төлқұжат)

3.     Қатысушының түсті фотосуреті (Jpeg нысаны, 500 кб-тан кем емес)

4.     Орындалатын шығармалардың фонограммасы (минус).

 

   Жіберілген авторлық фонограммалар ұйымдастыру комитеті  тек қана сапаның анықтауы және монтаждау парығын құру үшін қолданылады.

   Байқау бағдарламасында әр шығарманың орындалу хронометражын көрсету керек.

Қатысушылардың жасы 2016 жылдың 1 мамыр күнімен анықталады.

            Құжаттар топтамасы толық тапсырылмаған жағдайда немесе кешіктіріліп жіберілсе, үміткер байқауға қатысуға жіберілмейді.

 

      Тіркеу өткізу жері  мен   өткізу уақыты бойынша және байқау регламенті бойынша ақпарат электронды байқауға шақыруда 2016 жылдың 22 сәүірінен кешіктірілмей жіберіледі.

    Тіркеу, жеребье тастау, қатысушылардың дайындалуы: 3.05.2016ж.

Байқау тыңдалымы: 4.05.2016ж.

 

Байқаудың ұйымдастырушы комитеті байқауда көрсеткен өнерді тасымалдауға, аудио және бейне жазбаларды гала-концертте және басқа орындарда қатысушының рұқсатысыз көрсетуге құқылы.

Байқаудың ұйымдастырушы комитеті байқауға қатысушыларды фонограммамен қамтамасыз етпейді.

 

Іссапар шығындарын жіберуші жақ жүргізеді.

Байқауды өткізу туралы барлық ақпарат келесі байланыс арқылы: (WhatsApp):

 +7 (701) 566-38-79  -  Ефременко Алексей Павлович     

 +7 (707)220-85-37   -  Султанов Дамир Рафхатович     

+7 (701)438-88-75    - Лизунков Сергей Вячеславович   

+7 (747)415-80-16    - Кумыскалиев Сапар Мухаметжанович

+7 (701)518-59-78    - Ефременко Галина Сергеевна

 

 

http://gold-akkordeon.my1.ru/

Музыка - ғұлама адамдардың қуанышының қайнар көзі, ол халықтағы жақсы ойларды шақыруға қабілетті, ол адамның санасына терең еніп, оның әдебі мен дәстүрін оңай өзгертеді.    

Сюньцзы