Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Е. Серкебаев атындағы №3 Балалар музыка мектебі» МКҚК педагог лауазымын атқаруға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау

1) орналасқан жерін, пошталық мекен-жайын, телефон нөмірлерін, электрондық пошта мекен-жайын көрсете отырып, бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы:

«Е. Серкебаев атындағы №3 Балалар музыка мектебі» МКҚК
орналасқан жері: Нұр-сұлтан қаласы, Бейсекбаев көшесі, 3/1, 010005,
байланыс нөмірі: +7(7172) 37 11 19
электрондық пошта: http://astana-dmsh3.kz

2) Негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:
- фортепиано сыныбының оқытушысы – 5 адам
- концертмейстер – 4 адам
- домбыра сыныбының оқытушы – 2 адам
- музыкалық-теориялық пәндер оқытушысы – 5 адам
- ұрмалы аспаптар сыныбының оқытушысы – 1 адам

- «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы «27» желтоқсандағы № 293-VI 3РК Заңының 15-бабына сай

   
 Педагог міндетті:
1) өз қызметінде тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеруге;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;
3) өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде кемінде бес жылда бір рет біліктілік санаты деңгейін арттыруға (растауға);
4) педагогикалық әдепті сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуге;
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
7) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-аналарына, үлкендеріне, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет, жоғары адамгершілік, патриотизм, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
 8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;
9) өмірлік қиын жағдайда жүрген баланы анықтау фактілері туралы білім беру ұйымының басшылығын дереу хабардар етуге; 
10) құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына Қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы дереу хабарлауға;
11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге кеңес беруге.
2. Педагог білім беру үрдісін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиістілік белгісі бойынша азаматтардың айрықшалығын, артықшылығын не кемдігін, олардың дінге көзқарасы, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлттарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы дұрыс емес мәліметтер хабарлау, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге итермелеу арқылы насихаттайтын үгіттеу үшін пайдалануға құқылы емес.
- Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары:
Педагогтың еңбек ақысы:
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы «27» желтоқсандағы № 293-VI 3РК Заңының 1-тармағының 8-бабына сай:
«Мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогке еңбекақы төлеу жүйесі, лауазымдық еңбек ақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады». Жоғарыда айтылғандарға байланысты педагогтың жалақы мөлшері білімі, жұмыс өтілі және педагог санатына байланысты болады.
3) педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген үміткерге қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін:
педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы «13» шілдедегі №338 бұйрығына сай
3-параграф. Қосымша білім беру педагогы (білім беру ұйымдары жанындағы секциялар мен үйірмелер педагогы)
158. Лауазымдық міндеттері:
қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;
үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың тәжірибемен байланысын жүзеге асырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды;
дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды;
әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады;   
сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады;
ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтарға кеңестік көмек көрсетеді;
әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады;
жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады.
159. Білуі міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
Педагогика және психология негіздері, еңбек заңнамасын;
педагогикалық этика нормаларын;
тәрбие жұмысының әдістемесін, өнімді, сараланған, дамытушылық оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыруды;
білім алушылармен, әртүрлі жастағы тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланыс орнату, жанжалды жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістерін;
білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын.
160. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
 және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін - кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл;
161. Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «педагог-модератор»:
«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдыларын пайдалану;
жаңа әдістемелерді сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу;
өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқару;
2) «педагог-сарапшы»:
«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқару;
педагогикалық басылымдарда әдістемелік жарияланымдарының болуы;
3) «педагог-зерттеуші»:
«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқару;
авторлық әдістемелік әзірлемелері болуы тиіс;
4) «шебер-педагог»:
«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқару;
авторлық әдістемелік әзірлемелері болуы тиіс;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.
1) құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:
- құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап келесі күні жүзеге асырылады.


5) құжаттар тізімі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы "21" ақпандағы № 57 "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сай:
107 тармақ. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сай нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына үміткердің 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

108 тармақ. Үміткер болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
109 тармақ. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
* Педагогтарға, олар үшін жұмыс орны "Е. Серкебаев атындағы №3 Балалар музыка мектебі» МКҚК Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32-бабының 4-тармағына сәйкес анықтаманы қосымша ұсыну қажет жұмыс орны болып табылады:
"Жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынады".

Музыка - ғұлама адамдардың қуанышының қайнар көзі, ол халықтағы жақсы ойларды шақыруға қабілетті, ол адамның санасына терең еніп, оның әдебі мен дәстүрін оңай өзгертеді.    

Сюньцзы