Астана қ. Ермек Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебіне 2023-2024 оқу жылына оқуға түсушілерге арналған АҚПАРАТ

Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдері!

 

1. Оқуға құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 15, 16, 17 және 18 тамызда тек электронды түрде жүзеге асырылады.

Ол үшін Сіздерге интернет-порталға кіріп, mindal24.kz порталына өтініш беру керек. Ары қарай: телефонға ed24.kz қосымшасын жүктеп алу керек (№3 БММ сайтында мұны қалай жасау керектігі туралы алгоритм бар).

Назар аударыңыз! Интернет-порталында өтініш беру мектепке қабылдау фактісі болып табылмайды! Мектепке түсу үшін қабылдау емтихандарын тапсыру қажет!

 

2. 2023 жылғы 21 тамызда мектептің сайтында қабылдау емтихандарының кестесі жарияланады, онда әр балаға емтихан тапсыру күні мен уақыты жеке көрсетіледі. (емтихан кестесімен Бейсекбаев көшесі, 3/1 үй мекен-жайы бойынша мектептің бас ғимаратының фойесінде де танысуға болады).

3. Қабылдау емтихандары (конкурстық тыңдау) 2023 жылғы 22 және 23 тамызда мектептің бас ғимаратындағы кестеге сәйкес өтеді (Бейсекбаев көшесі, 3/1 үй).

Емтиханға келгенде өзімен бірге файлда мына құжаттардың толық пакеті болуы керек:

1. Туу туралы куәлік (көшірмесі);

2. Медициналық анықтама 027-у (түпнұсқа);

3. 3х4 фотосурет (басып шығарылған түрінде-2 дана);

4. Сауалнама (емтиханға келу бойынша толтырылады).

Бала емтиханға тек ата-анасының бірінің немесе сенімхат бойынша заңды өкілінің сүйемелдеуімен келеді! Бұл шарт орындалмаған жағдайда, бала емтиханға жіберілмейді, ал өтініш беруші негізделген бас тартуға ие болады. Онлайн тыңдауға жол берілмейді.

4. 2023 жылғы 28 тамызда № 3 БММ сайтында, ed24.kz қосымшасының жеке кабинетінде, сондай-ақ мектеп ғимаратының фойесінде Сіз түсу емтихандарының нәтижелерімен және қабылдау туралы ақпаратпен таныса аласыз.

5. Жеделдетілген оқуға өтініш міндетті түрде, қосымша, мектептің оқу бөлігінде және баланың ата-анасының не заңды өкілдерінің өзі, оқуға қабылданғаннан кейін бірден және 2023 жылғы 08 қыркүйекті қоса алғанға дейін, мектептің бас корпусында (Бейсекбаев к-сі, 3/1-үй), 14-кабинетте толтырылады.

6. Жеңілдетілген оқуға өтініш 2023 жылғы 04-08 қыркүйек аралығында мектептің бас корпусында (Бейсекбаев көшесі, 3/1 үй), 16 А кабинетте, ата-анасынан не заңды өкілдерінен жеке қабылданады. Порталда mindal24.kz Сізге тек жеңілдік санатын көрсету керек. Ал жеңілдетілген оқуға өтініштің өзі мектепте директордың атына толтырылады. Өтінішке жеңілдікті растайтын құжаттар (түпнұсқасы + көшірмесі не нотариалды куәландырылған көшірмелері), баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі) қоса берілуі тиіс. Жеңілдікті растайтын құжаттар азаматтардың жеңілдікті санатына жататындығының белгіленген қолданылу мерзімін қамтуға тиіс. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда өтініш қабылданбайды. Жеңілдетілген оқу тарифі өтініш берілгеннен және мектеп директорының бұйрығы шыққаннан кейін басталады. Өтініштер "өтіп кеткен" күнмен қабылданбайды, қайта есептеу жүргізілмейді. Өтініштерді "үшінші" тұлғалар арқылы беруге жол берілмейді.

7. Оқуға қабылданған оқушылардың ата-аналарымен шарт жасасу 2023 жылғы 04 – 08 қыркүйек аралығында мектептің бас ғимаратында (Бейсекбаев көшесі, 3/1 үй), 16 А кабинетте өтеді.

 

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: ҚР еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін

сағат 09: 00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Музыка - источник радости мудрых людей, она способна вызывать в народе хорошие мысли, она глубоко проникает в его сознание и легко изменяет нравы и обычаи.

Сюньцзы